Қаламыздың №3, №4, №22, №13 орта мектептерінің жазғы сауықтыру орталықтары кітапханаға саяхат жасады. Кітапхана- шылар балаларға жаңа түскен әдебиеттерді насихаттап, кітапхананың ережесімен таныстырды. Сондай-ақ, балалардың назарына кітапханада...
More
Қаламыздың №3, №4, №22, №13 орта мектептерінің жазғы сауықтыру орталықтары кітапханаға саяхат жасады. Кітапхана- шылар балаларға жаңа түскен әдебиеттерді насихаттап, кітапхананың ережесімен таныстырды. Сондай-ақ, балалардың назарына кітапханада ұйымдастырылған «Сүйікті кітапшалар - сүйікті ойыншықтар», «Отбасы - бақыт мекені», «Мен ұнатқан кітаптар» кітап көрмелеріне шолу жүргізілді. Саяхат барысында балалар «Бұл кай ертегі?», «Басты кейіпкерді ата» атты виктори- налық ойындар ойнады. Жұмбақтардың жауабын шешіп, сұрақ- жауаптарға жауап берді. «Кім тез?», «Пошташы», «Шеңбер» атты қимылды ойындар ойнаумен көңілдерін көтерді. Жас оқырмандар кітапхананың «Керемет шеберхана» үйірмесі мүшелерінің қолөнер туындыларымен де танысты. Олар қолөнер шеберлерінің түрлі-түсті бояумен безендірілген пластик және шыны бөтелке, саздан иленген бұйымдары мен ағаш қабығына салынған суреттеріне тамсанумен болды. Кітапханаға келген жас бүлдіршін ертегілер әлеміне еніп, кітапхана қорындағы жаңадан түскен «3D к
Less